et al. Ауызша аударма ілімінің айрықша белгілері

аударма
Ауызша аударма ілімінің айрықша белгілері [The Distinctive Nature of Interpreting Studies]

Хайдемари Залевски Гумбольдт университеті, Берлин | Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Translated by Әубәкір Нүркен, Залелова Элеонора, Ашетаева Мадина, Тасыр Бахтияр, Нұрымбет Ақерке, Берікқызы Наркез, Муханжанова Жібекжан және Жанатова АделяГумбольдт университеті, Берлин | Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Аударма ғылымының әрбір тармағында (жазбаша және ауызша аударма істерінің гиперонимі ретінде қолданылады) кез келген теорияның тұжырымдамасы түсініктер, құрылымдары және әдіснамалық мәселесі болып табылады. Автор (1) ауызша аудармаға анықтама береді, (2) Ауызша Аударма (АА) Ілімін теориялық және қолданбалы салаларға арналған жалпы, арнайы, және ерекше теорияларға негізделе отырып жүйеге келтіреді және (3) эксперименттік зерттеулердің нақтылығына Ауызша аударма Ілімінің негізгі әдіснамалық мәселесі ретінде баса наза аударады.

мазмұны

0.Кіріспе

Аударманы толық құқылы ғылыми пәннің нысаны ретінде зерттеу идеясы ғалымдар тарапынан бірқатар скептицизм тудырса,бұл аударудың ең дұрыс жолы. Қазірдің өзінде Шлейермахердың заманында кешірімге ие бола алатын, бірақ бүгінгі күні ақылға қонбайтын сөздерді, атап айтқанда, ауызша аударманы жай ғана“механикалық әрекет” деп атайтындарды кездестіруге болады. Әрбір аудармашы ауызша аударманың ақпаратты тек бір тілден екінші тілге көшіру емес екендігін және соңғы мәтіннің коммуникативтік тұрғыдан дайын болуы түсіну, мәнін анықтау, жоспарлау, салыстыру және шындыққа жанасымдылығын қарастыру, гипотезалар құру, балама құралдар мен нысаналарды тексеру, күрделі сұрақтарды шешу және шешім қабылдау техникалары, жауап реакциясы, бақылау мен бағалау механизмдері сияқты сараптаудың көптеген өзара әрекеттерінен тұратын [158-бет] менталды операциялар тізбегінің соңғы құраушы бөлігі екендігін жақсы біледі (Salevsky 1990).

Ауызша аударма туралы да алғашқы ойтолғаулар ежелгі заманда бастау алғанымен (Pohling 1971), ауызша аударма теориясы дәстүрлі тұжырымдарға жазбаша аударма сияқты негізделе бермейді. Раввиндік әдебиеттерде ауызша аударманың мәселелері мен аудармашы ие болуы керек қабілетінен тұрады. Оларға meturgeman мен turgeman жасы, қажетті білім деңгейі және т.б. жатады. Бұл жазбаларда талқыланатын мәселелердің арасында аудармашының жұмысы мен Тораның түпнұсқа мәтіні арасындағы байланыс, қысқартулар мен қосымшаларға жол беру сияқты тақырыптар бар (Reallexikon fur Antike und Christentum, 1959, IV; 32).

Тіпті қазіргі кезде, “аударманың нақты сипатынан айқын емес нәрсе жоқ”(Lambert 1991: 29). Бұл аударманың жалпы ауызша аударма мен жазбаша аударманың гиперонимі (1963 жылы Каде ұсынған немісше Translation), ал Аударма Ғылымы (1963 жылы Каде ұсынған немісit Translationswissenschaft), ауызша аударма мен жазбаша аударманың екеуін де зерттейтін ғылым ретінде қолданылуы өте дұрыс. Осы тұста біз тек түсініктердің жүйесі арқылы орнатылатын негізгі тәртіп мәселесімен бетпе-бет келеміз.

Бұл тәртіп тек теорияға негізделу арқылы орнатылады деген сөз емес. Ғылымда “тәртіп”сол құрылымls түсінуге бағытталған қадам болып табылады. Ғылым тек бір оқиға қайталанатын немесе, кем дегенде, оны қадағалауға болатын жағдайда орын ала алады. Яғни, сәйкес тұжырымдамалар мен теориялардың көмегімен қабылданатын ақиқат бар жағдайда. Мұнда Гегельдің “адамның өзінің тану қабілетімен танысу – танудың алғышарты” деген талапты атап өтуге болады. Мұны суға түсердің алдындағы жүзуге деген құлшынысқа теңеуге болады (Hegel, Hofmeister 1991: 203 келтірілген мысалы). Когнитивті қабілет тану мәселесін зерттейтін көзқарасқа тәуелді. Ұқсас пәндер әр түрлі түстер сияқты, суреттің жалпы бейнесін жақсартуға көмектеседі. Бірақ, НЕНІ және ҚАЛАЙ бейнелейтінінде әр түрлі болып қала береді. Адам суреттің тек бір түсіне (мысалы, Титанның қызыл түсі) назар аударып қараса болады, бірақ суреттен толыққанды әсер алу үшін, әдетте, суреттің көлеміне, жарыққа және өзінің тұрған орнына байланысты, бір-екі қадам артқа басып, жаңа тұрғыдан қарап көру керек. [151-бет]

Әртүрлі дисциплина арқылы ұзаққа созылған дамуының барысында Аударма Ғылымы басқа пәндерге қатысты салаларға көшуге тырысты. Аударма үрдісін қайта қарастыру арқылы зерттеудің нысаны кеңейтіліп, ассимиляторлық тәсілге қарағанда, мәселенің түйініне көңіл бөліне бастады. Осылайша, ауызша аударма мен жазбаша аударма басқа пәндердің ерекше жағдайлары ретінде емес, өзіндік ғылыми пәннің нысаны ретінде қарастырылатын болды. Аударма пәнаралық серіктестік арқылы түсіндіріледі, бірақ өзінің зерттеуші рөлін алмастыра алмайды (Holmes 1972 ж. айтып кеткендей).

Аударма ғылымы қаншалықты кең таралуы қажет? Мысалы, Библияның аудармасы аударманың бір тармағы болып санала ма, әлде ол теологияның айрықша құзыреті бола ма? Ал жалпы аударма теориясының негізін құру Библияны аударудан бастап ілеспе аудармаға дейін таралатын, ортақ жасанды бөлімнің құрылуын білдіре ме? Мұндай теорияның құны қандай болмақ?

Жалпы аударма теориясының керектігінде ашық немесе солғын түрде күмәнданған сыншылар оның “пайдасыздығы” мен “ақылға сыйымсыздығына” назар аударатын. Тіпті Гераклит пен Парменидтің замандастары олардың жеке сөйлемдерінің мінсіз айқындылығы мен түсінікті құрылымына қарамастан, тілдерінің түсініксіздігіне күйінген десе болады. Сол кездерде философия өзгерісті кезеңге қадам басты, ол жалпыға қол жетімді емес және түсініксіз мәселелерді көтерді. Пәнаралық жұмыс аударма ғылымы және оның тағы басқа, әртүрлі сабақтас ілімдері бар салалардың арасындағы қарым-қатынасқа қарасты дәл сондай оқиғаға алып келмеді ме?

Аударма ғылымының әр тармағында өзін “үйінде” жүргендей сезінетін ғалым, Музильдің Der Mann ohne Eigenschaften романындағы Австрия Ұлттық кітапханасында жүріп келесі тұжырымға келген адамға ұқсайтын шығар:

Сосын мен ойша санай бастадым да, өзім мүлде күтпеген нәтижеге келіп тоқтадым. Егер мен күніне бір кітаптан оқысам, қатты жалығып-шаршағанмен, бәрібір күндердің бір күнінде кітаптың соңына жететін едім… Бірақ кітапханашы маған не деді деп ойлайсыздар? Мен сондағы кітаптарды тоқтамай қайта-қайта оқып жүрдім, содан бір күні кітапханашыдан “мына кітапханаңда қанша кітап бар өзі?” деп сұрадым. Сонда ол “үш жарым миллион” деп жауап қатты. Ол бұны айтқан кезде [153-бет], шамамен жеті жүз мыңыншы кітапқа таяп қалған тұғынмын. Сол сәтте мен санай бастадым… Жоспарымды жүзеге асыру он мыңдаған жылға созылатын еді!

Мен сол кезде өзімді қол-аяғым байланғандай, ал бүкіл әлем жалған дүние сияқты болып көрінді.(Musil 1980: 192–193)

Музильдің кейіпкері сананың жол кестелері туралы таңқаларлық ойлар тудырып, идеялар арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бұл утопия ма, әлде зерттеудің алғышарты ма?

Аударма ғылымының әрбір тармағымен қатар, сабақтас пәндер жалпы ғылымның құрылымын қарастыруы керек. Бір мағлұмат, кей жағдайда, тек бір ғалымның көзқарасы, тіпті, ілдалда болуы мүмкін. Аударма ғылымының (оның ішінде Ауызша аударма Ілімі) тұжырымдама, құрылым және методологиялық мәселелер жөніндегі алаңдаушылық тудырмайтын тармағы жоқ.

1.Ауызша аударма тұжырымы

Ауызша аударма жасағанда не орын алады? Бұл іс-әрекет пен жазбаша аударманың айырмашылығы қандай? Егер ауызша аударма аударманың бір түрі немесе класы болса (ауызша және жазбаша аударма үшін гипероним ретінде алынса; 1-суретті қараңыз), ауызша аударманың және оның ішіндегі екі түрінің – ілеспе және ізбе-із аударманың анықтамасын бермей тұрып, жазбаша аударманың анықтамасын беріп алу керек (Салевски 1992а).

Сурет 1.Аударма ғылымының нысандары арасындағы иерархиялық қатынастар
Сурет 1.

Аталған алдын-ала жасалған анықтамаларды ары қарай талқылауға ұсынамын: [153-бет]

ЖАЗБАША АУДАРМА

Жазбаша аударма дегеніміз бастапқы мәтіннің негізінде басқа тілдік/мәдениеттік адресатқа арналған соңғы мәтінді құру үшін жасалатын жағдаяттық және функционалды – бағытталған кешенді іс-әрекеттердің жиынтығы.

АУЫЗША АУДАРМА

Ауызша аударма дегеніміз келесі белгілермен сипатталатын аударманың бір түрі: (жазбаша аудармадан бөлек қарастырғанда):

  • ауызша аударма жағдайында бастапқы мәтіннің сегменттерін жеке-жеке айту және/немесе жеткізу;

  • уақыт тұрғысынан аударма іс-әрекеттерінің параллелизмі сияқты шектеулерге ие;

  • берілген бастапқы мәтіннің сегменттеріне байланысты нақты бір уақыт интервалын назарға ала отырып, аударма мәтінінің сегменттері жеке-жеке жүзеге асырылады және аударма мәтінін түзетуге болмайды.

ІЗБЕ-ІЗ АУДАРМА

Ізбе-із аударма дегеніміз ауызша аударманың бір түрі. Оған келесі ерекшеліктер тән (оны ілеспе аудармадан бөлек қарастырғанда):

  • сөйлеушінің өзі анықтаған сегменттер бойынша бастапқы мәтінді айтуы;

  • мәтіннің сегментін аударма тілінде/мәдениетінде айту және/немесе жеткізу үшін бастапқы мәтіннің айтылуын үзу;

  • есте сақтау немесе ескертпелер жазу арқылы қабылданып, жазылып алынған бастапқы мәтіннің берілген сегментінің логикалық-тұжырымдамалық субстратына негізделе отырып, аударма мәтінін айту және/немесе жеткізу.

ІЛЕСПЕ АУДАРМА

Ілеспе аударма дегеніміз ауызша аударманың келесі қасиеттерге тән түрі (оны ізбе-із аудармадан бөлек қарастырғанда):

  • бастапқы мәтіннің аударма жасау үшін тоқтатылмай, үздіксіз орындалуы;

  • ілеспе аударма уақытының бастапқы мәтіннің жеткізілу уақытына байланысты болуынан туындайтын айрықша уақыт шектеуі;

  • мәтіннің сегменттерінің аударылуына әкеліп соғатын барлық аударма іс-әрекеттерінің параллелизмі. [154-бет]

2.Ауызша Аударма Ілімінің құрылымы

Аударма Ғылымы (және жазбаша аударма ісі гиперонимі ретінде) бір жағынанАударма Ғылымы, екінші жағынан Ауызша мен Жазбаша Аударма Ғылымдарының құрылымдарының ортақ шығу тегі (Салевский 1992b) болып қарастырылатындықтан, логикалық тұрғыдан бір-біріне байланысты болу керек.11.Ғылымдағы түсіністік үшін Baumgartner 1988b: 180.

Аударма ғылымы, ауызша және жазбаша аударма ғылымдарын теориялық және қолданбалы салалар деп қабылдасақ, әр түрлі тұжырымдамаларды үйлестіру керек болады.22.Гуманитарлық ғылымдар әдістеріне үшін. Baumgartner 1988a: 34. Менің Ауызша Аударма Ілімінің картасын жасаудағы (2-Суретті қара) – пәннің ішіндегі ретті құрудың жолдарын табу.

Ауызша Аударма Іліміне келгенде, теориялық сала да, қолданбалы сала да жалпы, арнайы және дербес болып бөліне алады. Бұл Allgemenies, Besonderes and Einzelnes арасындағы айырмашылықтар анықталып, қатынастар орнатылған танымал философиялық үлгінің қолданысы. Ауызша аударманың жалпы теориясы ауызша аударманың әмбебап сипаттамаларын ескеру керек болатын еді. Ал, әр түрлі арнайы теориялардың құрылымы, керісінше, ауызша аударма жағдаяттарының құбылмалы құрылымдарынан туындайтын еді. Осыдан, Ауызша Аударма Іліміндегі арнайы теориялар мына салаларды қамтитын еді:

  1. Ауызша аударманың түрлері (ізбе-із аударма мен ілеспе аударма);

  2. Орта (адам, машина, компьютер көмегімен аудару);

  3. Тілдердің комбинациясы (бір нақты тілден немесе сол тілге аудару барысындағы лингвистикалық мәселелер);

  4. Мәдениеттердің комбинациясы (бір нақты мәдениет/тілден немесе сол мәдениетке/тілге аудару барысындағы мәдениетке байланысты мәселелер);

  5. Сала/институт (БАҚ, сот, келіссөздер және т.б. аудару);

  6. Мәтіннің қатынасы (мәтіннің түрі, мамандандыру деңгейі);

  7. Қатысушылардың қатынасы (бастапқы мәтінді орындаушы мен аударма мәтінін қабылдаушының жалпы және арнайы сипаттамалары).

Арнайы теориялардың әр түрлі қиыстырулары дербес теорияларды құрайды. Ал Ауызша Аударма Ілімінің қолданбалы саласы Холмстың (1972) аударма ғылымы бойынша ұсынған құрылымның аналогиясы ретінде, келесі негізгі аймақтардан тұрады: үйрену, талдау және қолдау. [155-бет]

Сурет 2.Ауызша аударма ілімінің құрылымы
Сурет 2.

Сипаттамалық зерттеу алаңдаушылық туғызғандықтан, мен Туримен келісемін

ол барлық түрдегі жеке зерттеулерге негіз ұсынады… екі жақты жұмыс ретінде: әрбірі өзінше жергілікті қызмет атқарады, белгілі бір сала, мәселе, тарихи кезеңге байланысты немесе жалпы әрекеттің бір бөлігі болады: салаларлың қызметін, үдерісін, өнімді анықтау әрекеті.(Тури 1991: 182)

3.Аударма Ілімінің әдіснамалық мәселелері

3.1Теориялық салада

Қарым-қатынас тосқауылдары мен эксклюзивті үрдістердің жойылуы жаңа қарым-қатынас түрінің пайда болуына жағдайлар тудырады. Бүгінгі көп мәдениетті, көп идеологиялы, көп дінді жағдай Шығыс пен Батыс арасындағы әр түрліліктерді, толеранттылық мәселелерін жақсырақ түсіну, ақпаратты таңдай білу және өмірдің әрбір салаларындағы үдеріст ізерттеу үшін жаңа мүмкіндіктерді туғызады.

Менің ойымдағы мәселе – аудармашыларға арналған ғылымға негізделген үйрету және ауызша аударманың объективті сынау мақсатындағы пәнаралық бағалау мен қарым-қатынас үдерістерін зерттеу. Егер ауызша аударма ілімі аудармашыға немесе аудармашыларды үйретуге бағытталса (мысалы, дайын стратегиялар арқылы), ауызша аудармаға тән ерекше қағидаларды, құрылымдарды, санаттарды ескере отырып, эмпирикалық негізде рәсімдік теорияларды дайындау қажет.

Бұл ауызша аударма үдерісін және нәтижесін сипаттау мен түсіндіру үшін тексерілетін байланыс құралдарын дамыту мақсатында өзара әрекеттесу жазбаларын тұжырымдамалық және тәжірибелік зерттеулерді талап етеді. Объективті қиындықтар аударма үдерісінің күрделілігі мен әртүрлілігі, сонымен қатар, гипотеза мен теорияның қарама-қайшылыққа, әсерісе осал қылатын теориялық тәсілдердің әртүрлілігінен туындайды. Тағы бір талап – пәнаралық жұмыстың міндеттемесі, өкінішке орай, оған бүгінгі күннің өзінде университет факультеттерінің бір-бірінен бөліп оқытылуы кедергі келтіреді. Осыған байланысты ойға Платонның метафорасы келеді. Ол былай деп жазды:

Міне, бүкіл үңгірді жарыққа апаратын есігі бар жерасты үңгіріндегі адамдар бұл жерді жастайынан мекендеген, олардың аяқтары мен мойындары шынжырмен байланған, сол себепті, олар тек алдындағыны ғана көре алатын, яғни, мойындарындағы бұғаудың кесірінен [p. 157] мойындарын қозғай алмаған. Олардың үстінде және артында қашықтықтанөрт пайда болған, от пен қамаудағы адамның арасында төмпешік жол бар, егер оған қарайтын болсаңыз, жол бойына қабырға салынғанын көресіз, ол марионетка-қуыршақтардың иелерінің алдыңда қуыршақтарды көруге арналған экран секілді.

Мен көрдім.

Ал, сіздер қабырға бойымен әртүрлі ыдыстар, ескерткіштер мен ағаш, темір және өзге де заттардан жасалған мүсіндерді ұстап келе жатқан адамдардың жардан өтіп жатқанын байқадыңыз ба? Олардың кейбірі сөйлесіп келеді, ал кейбіреуі үнсіз…

…Олардыңбастарын қозғалтуға ешқашан рұқсат етілмеген болса, көлеңкеден басқа нәрселерді қалай көреді?

…Енді қамаудағы адамдардың кінәсі кешіріліп, тұтқыннан босатылған табиғи түрінетағы бір рет қарап көріңіз. Басапқыда, олардың бірі тұруға, мойнын бұрып, жарыққа қарауға рұқсат алса, ол қатты шаншып ауырғаннан қиналады. Жарық көзіне оттай басылып, ол одан жапа шегеді және ол осыдан бұрын тек көлеңкені тамашалағандығын түсінсе, басқа біреуден көргенінің барлығы өтірік екендігін естісе, және дәл қазір ол тіршілік иелеріне жақынырақ тұрып, олардың шынайы болмысын тамашалағанда – оның жауабы қандай болады екен? Кейіннен, оның нұсқаушысының өтіп жатқан заттарға нұсқап, атын атауын талап етіп жатқанын елестетіп көріңіз – ол абдырап қалмайды ма?

Ол осыдан бұрын көрген көлеңке бейнелерін қазір өзіне көрсетіп жатқан заттардан шынайырақ деп қиялдамайды ма екен? Шынымен де солайболады.

Егер оған жарыққа тура қара десе, көзі ауырмайды ма екен және бұл азаптан құтылу үшін теріс қарауға мәжбүр боладыма?(Plato [күні көрсетілмеген]: 265–267)

Кейде бұл әсерді аудармашылар өздері береді, олар өздерінің жұмысын зерттеуге мүмкіндік бермейді және осындай зерттеулерге мұқтаждықты жоққа шығарады. Бұл көзқарас Стенцпен, оның ішінде:

Психологтар біздің өте күрделі жұмыс болып табылатындығын растаған кезде біз өте қуаныштымыз, бірақ біз өзіміздің дағдыларымыздың шектерін құжаттандыруға бейім емеспіз және сөйлеушіні дұрыс түсінбеген кезде немесе кездесетін жағдайға тап болуымыз мүмкін. егер біз оны түсінген болсақ, хабарды жеткілікті түрде жеткізе алмаймыз.(Stenzl 1983: 42)

Кейде тіпті: « Теориялық ретінде практикалық жұмысымда маған қандай теорияны қолдану керек? » Деп ойлаймын. Жақсы теорияның басты критерийі іс жүзінде оның тікелей қолданылуы болуы керек деп ойлаймын, бірақ бірнеше саты қажет болуы мүмкін [158-бет] музыкалық теорияның мысалын, аспапты меңгеруді немесе жеке ойнауды қарастырайық. Шешуші мәселе интерпретациялау теориясы түсініктемелерді түсіндіруге мүмкіндік береді.

Қорытындыларға келу, гипотезаларды қалыптастыру және түпнұсқалық шындыққа айналатын теориялар салу біз үшін шұғыл қажет деп санаймын, бұл жеке аспектілермен ғана емес, сонымен қатар бір мәтіннен – бір көзден мәтіннен алынған тәжірибелік зерттеулер. Тілдер мен мәдениеттердің әртүрлі комбинацияларында ізбе-із және ілеспе аудармаға сәйкес перестанцияларды ауыстыру. Жалпы түрде аудармашылар мен университетке түсушілер арасындағы айырмашылықтарға эксперименттік зерттеулер ретінде шұғыл болып табылады. Психолог Эссер (1999: 85) сарапшы ретінде білімі ұсынылған, жаңадан шыққандар мен сарапшылар олардың есте сақтаудың когнитивтік аппаратында айырмашылығы жоқ, сонымен қатар когнитивті бағдарламалық жасақтамада және деректер базасын ұйымдастыруда.

Білім базасы бірдей болған жағдайда, ауызша аудармашылардың басқа көп тілді тіл пайдаланушылармен салыстырғанда білімі білім мен деректер базасы арқылы әртүрлі түрде жұмыс жасайтын когнитивтік процестермен белгіленеді: проблеманы адекватты ұсыну арқылы, стратегияларға қатысты сезімталдық пен тиісті құнды талдаумен (мысалы, трансляциялық проблеманы ескере отырып, өңдеудің тереңдігі), тиімді бақылау, бағалау және реттеуші функциялармен, сондай-ақ транспозициялардағы тиімді қолжетімділік және өңдеу операцияларымен, яғни тәртіпті қалыптастыру және ақпаратты біріктіру мүмкіндігімен ерекшеленетін метакognitive дүкендер арқылы; қауымдастықтар дифференциалды қалыптастыру арқылы және иерархиялық білім беру ұйымымен.

Аудармашылар үшін (аралық) қауымдастықтар үшін өз білімдерін нақты құрылымдау және олардың әлеуетін арттыру (ауызша аудармашылар ретінде жұмыс істемейтін көп тілді ауызша сөйлеушілермен салыстырғанда) қажет болғандықтан, тек қана – тек қана (Hinweisreiz)

  1. проблемалы жағдайды осындай деп тану және шешім табу үшін тиісті стратегияларды белсендіру

  2. семантикалық жадта үлкен аумақтарды белсендіру және осылайша TL баламалары үшін іздестіру алаңын ашу. (Эссер 1990; 85–87)

Демек, екі тілді немесе көп тілді сөйлеушілерді қамтитын психологиялық зерттеулер түсіндіруге тікелей қолданылмауы мүмкін. Ауызша аударма процесін түсіндіру белгілі бір мақсатқа бағытталған пәнаралық жұмыс жасауды талап етеді. Бұл зерттеулер тергеулерді түсіндірудің айрықша сипатын көрсетеді. Сонымен қатар зерттеудің сезімталдығынан басқа таным, эмоция және тіл арасындағы интерфейс жеке [159-бет] ғылымдардағы үрдістерге дейін, зерттеудің қанағаттанарлықсыз күйі зерттеушінің түсіндірушінің нақты белсенділігі мен оның әрекет ету стратегияларын жеткіліксіз түсінуі керек.

Жоғарыда айтылғандай, интерпретация ақпаратты өңдеу үшін экстремалды уақыт жағдайларда, оның ішінде әртүрлі трансляциялық әрекеттердің параллелизмін ескереотырып, мәтінді сегменттерді бір мезгілде қабылдау және шығару арқылы сипатталады. Айта кету керек, мұнда тергеудің бастапқы нүктесі басқа аудармамен салыстырғанда. Мақсатты мәтін түсіндірме жағдайында ғана және оның біртіндеп қалыптасуында ғана қол жетімді. Аудармашыға « өтіп кету » және тұтастай алғанда оның мәтінін түзету мүмкіндігі жоқ. Сондай-ақ, тиісті ТДҚ-ны алудың мүмкіндігі жоқ (хаттамаларды дауыстап ойлау). Жазбаша мәтіндерге аударылатын жазбаша интерпретацияларды тергеу жалғыз көзқарас болып табылады, сондықтан эксперименталды емес түсіндіру үдерісі нзерттеу мүмкін емес, демек, біз шешуші мәселенің шешілуі мен сөзсіз эксперименттік зерттеулердің негізділігі және олардың нәтижелері. Қазіргі уақытта бірнеше зерттеушілердің бірі Ғалила ауызша аударма әдіснамалық мәселелерін шешіп, дұрыс айтқан:

Ақпараттық технологиялардың қорытынды тұжырымдамасындағы негізгі қиындықтар субъектілерге, материалдарға, қоршаған орта жағдайына, міндеттерге және бағалауға қатысты кәсіпқойларға қатысты эксперименттердің жарамдылығымен байланысты.(Gile 1991: 164)

Эйнштейннің « Физика және Реализм » деп аталатын оның эпистемологиялық жұмыс негізін диаграмма түрінде толықтыруға міндеттеді, ол өзінің досы мен аудармашысы Морис Соловинге 1952 жылы 7 мамырда жіберді, ол оның келесі сөйлемін түсіндіру туралы өтінішіне жауап ретінде эссе.

Die Berechtigung (Wahrheitswert) des Systems liegt in der Bewährung von Folgesätzenan den Sinneserlebnissen, wobei die Beziehung der letzteren zu ersteren nur intuitiv erfaßbar ist.(Holtan 1981: 374–375)

Эйнштейн осы жерде ғылыми жұмыста, ашылу немесе теорияны қалыптастыру процесінде жеке қадамдардың ретіне назар аударады және осы тұрғыда эксперименттердің жарамдылығына қатысты сұраққа жауап береді. Эйнштейннің ғылыми теорияны жобалау үлгісі өз алаңымызға ешқандай нақты қиындықсыз байланысты болуы мүмкін. [p. 160]

Эйнштейн диаграммада келесі (неміс) түсініктемелерді ұсынады (3-суретті қараңыз):

Сурет 3.Эйнштейннің ғылыми теорияның дизайны моделі (Холтон 1981: 370-нан алынған)
Сурет 3.
  1. Т (тәжірибе) бізге беріледі.

  2. А – аксиомалар, олардан зардап шегеді. Психологиялық тұрғыдан A Т-нің үстінде. Алайда Е-дан А-ға логикалық жол жоқ, тек интуитивті (психологиялық) байланыс, ол әрқашан « күшін жоюға жатады ».

  3. А-дан, қисынды бағытта, S-дың қандай да бір тұжырымдары шығарылады дұрыс болуға талап қоюы мүмкін. (Эйнштейн Спенсерге дәрісінде айтқандай « жүйенің құрылымы ақылдың жұмысы »).

  4. S Т-ге (немесе байланысты) жатады (тәжірибеге қарсы тест). Бұл процедура болуы керек дәл, сондай-ақ экстра-логикалық (интуитивті) салаға жатады, себебі арасындағы қатынас S-да кездесетін тұжырымдар мен E-тəжірибелері логикалық сипатқа ие емес. (161-бетінде) « Сынға жауап беру » [1949] Эйнштейн осы тармақта: « Арасындағы айырмашылық бір жағынан сезім немесе тәжірибе, екінші жағынан идеялар немесе тұжырымдар қажетті айырмашылық… »)…

    Квинтэссенция идеялар әлемі мен тәжірибе арасындағы сырттай проблемалық байланыс болып табылады. (Холтон 1978: 96–97)

Эйнштейннің методология бойынша берген түсініктемелерінде сенсорлық тәжірибелер бірінші болып келеді, өйткені осы деңгейге оралу теорияны сынау үшін, яғни ол тәжірибелі фактілердің барынша мүмкін бөлігін түсінуге болатындығын анықтау үшін орын алады. Фактілердің хаотикалық әртүрлілігі – оған сілтеме құрылымы мен тәртібін көрсететін идеялар құрылымын құру арқылы меңгеру. Эйнштейн іс жүзінде сенсорлық тәжірибелер мен байқаулардың ешқашан таза емес және ұнамсыз екендігін біледі, бірақ теорияға тәуелді.

Жебенің ұшымен аяқталған арка конструктивті гропингке немесе гравюралық конструкцияда әрекет етуді білдіреді. Бұл арка аксиомалар немесе негізгі қағидалар бойынша сындарлы көзқараста ойлаудың септігін тигізеді. Ол логикалық жолдың жоқтығы үшін, негізінен, болжамды, гипотеза немесе тек қана теорияны жобалаудың жоғары субъективті процесі негізінде ғана болжанған болуы мүмкін.

Эйнштейн ақыл-ой мен тәжірибеге қатысты барлық нәрсенің арасынан проблемалық қатынасын көреді. Ол болжамдар дәлелденген жағдайда да, толығымен сенімді болмау керек екендігін және теория, барлық гипотетикалық болжамдардың құрылымы, дәлелсіз қабылданған пікірлер мен қорытындылар толықтай айтылуы қажет екенін жақсы түсінген сияқты.

Оған 3 себеп бар. (Холтоннан кейін 1981: 389; Эйнштейнге сілтеме жасай отырып):

  1. Дұрыс болжамдар жалған аксиомадан пайда болуы мүмкін. Осы себепті кейін толығымен қате болып шыққан теориялар… ұзақ уақыт бойы « дәлелденген » болып саналды, өйткені қорытындылар жасалынған бақылаулармен сәйкес келді.

  2. Негізінде, теорияны « дәлелденген » деп санау мүмкін емес, өйткені бұл шексіз экперименттік сынақтарға осы жерде және дәл қазір ғана емес, мәңгілік ұшыруы мүмкін деп болжанылуда. Жәй ғана тәжірибе мен бақылау арқылы теорияны растау немесе соңғы рет тексеру мүмкін емес. Ең үздік талап [162бет] теорияның үнемі пайдалылық пен сенімділік жағынан жетіліп отырады және одан алынатын болжамдардың неғұрлым ұзақ болуы қолжетімді сезім тәжірибе шеңберін кеңейту келісімі ретінде саналып, қарама-қайшылықтардың аз туындайды.

  3. Қорытындылай келсек, ең қарапайым жағдайларды есепке алмағанда, ешқандай зерттеулер жүргізбей айтқан басқа біреулердің « тәжірибелік фактілеріне » біреулер сене алмайды. Теориялардың « расталуы » көбінесе белгіленген деректердің немесе тестілеудегі кемшіліктердің түсініксіздігі нәтижесінде болады.

Эйнштейн адамдар көбінесе нақты дәлелдерге құлақ аспай, өлшемнің дәлдігін асыра бағалауға тырысатындарына шағымданды. Ол теорияларды жарамсыз қылатын тәжірибелерге басқа теорияларды растайдын теориялар, әсіресе бір теорияның болжамды тәжілибелік жарамсыздығын басқасын күшейтуде қолдану сияқты ақылға қонымды көзқараспен қарау керек екенін ескертті.

Барлық теориялар қарқынды бейімделудің қайталанатын циклінің нәтижесі болып табылады, яғни, олар бір циклден екіншісіне өзгерту үшін « кері байланыс әсерін » қолдану арқылы үздіксіз бірізділікте өте пайдалы. Оның үстіне, түрленудің және өсудің бұл үдерісі бастапқы пайдалану саласын кеңейтетін жаңа құбылыстар табылмайынша жалғасады. Ауызша аударма адам әрекеті ретінде б. з.д. 3-ші мыңжылдықта бақыланса да, 1920-жылдары пайда болған ілеспе аударма жаңа аспектілер енгізіді және Ауызша Аударма Ілімі мен одан жоғары тұрған жалпы Аударма Теориясында белгілі бір эволюцияға жол ашты, әсіресе, әрекеттер мен істерге байланысты зерттеулер арқылы (мысалы, Зимняя/Чернов 1970, Зимняя 1973, Чернов 1979, Salevsky 1987).

3.2Қолданбалы зертеулер аясында

Компьютерлік болжамдар әр 15 жыл сайын ғалымдардың саны екі есе өсетінін көрсетеді. Олай болса, келесі 15 жылдық Демокрит пен Аристотельдің заманынан бері өткен 2500 жылдықтың жарияланымды зеттеудің куәгері болады. Кім көктемгі білім ағымынақарсы тұра алады? Ауызша аудармашылар, әдетте, әртүрлі ғылыми салалардағы соңғы нәтижелерге байланысты мәтіндерді аудару барысында солай істейді деп күтіледі. [163бет]

Жалпы ортақ білімнің таралуы логикалық тұрғыдан жеке адамның білілмсіздігінің өсуіне алып келеді. Мұны зерттеу мен оқытуда жеткілікті түрде ескеру керекпіз бе? ЖОО-да ауызша аудармашыларды оқытуда білім мен шығармашылық қандай рөл атқарады? Шығармашылықты зерттеуші Гилфордтың тиісті зерттеулері (1959), мысалы, шығармашылық мінез-құлықтың келесі жеке қасиеттерін қамтиды.

  • төзімділік (яғни, жұмысынан шығарып тастаудың орнына қателіктерімен белсенді жұмыс жасауға алып келетін түсініспеушілік пен қақтығыстарға деген жоғары шыдамдылық);

  • қызығушылық (яғни, қоршаған ортаға ашық көзқарас, жоғары қызығушылықтар/мүдделер, жаңа жетістіктерге деген ілтипат);

  • белсенділік немесе табысқа деген сенім (яғни бастама мен қатерге бел байлаушылық);

  • тәуелсіздік (яғни, ойлау дербестігі, өте маңызды, дәстүрлі емес мінез-құлық және пікір/шешім);

  • күшті эго (яғни, эмоционалды тұрақтылық); және

  • регрессияға деген бақыланатын қабілет (яғни, мінез-құлық пен ақыл-ой кедергілерін мен шарттарын жеңу мақсатында сезімталдық туралы хабардар болу)

Бұл талаптардың өзектілігі қазіргі таңда орын алып жатқан құндылықтардың мәдениетаралық алмасуына байланысты бұрынғыға қарағанда артып келе жатыр. Бұл ортағасырлардағы ЖОО-да оқу басталмастан бұрын 7 гуманитарлық пәнді (грамматика, риторика, диалектика, арифметика, геомтрия, астрономия және музыка) оқытудың бір мақсаты емес па? Біз бұл жерде ауызша аудармашыларды дайындаудағы негізгі курстың пәндері мен “қосымша пәндердің” мәселелерімен бетпе-бет келіп тұрмыз. Еске алатын өте қызықты оқиғалардың бірі – 1887–1945 жылдар аралығында Фридрих Вильгельм атындағы Берлин Корольдік университетінде ауызша аударма курсына қабылдану үшін тағы бір ғылыми дәреженің болуы немесе кем дегенде құқықтану сияқты өзге пәннің негізгі курсын сәтті тамамдауы негізгі талаптардың бірі болатын. (cf. Dolmetscher, Übersetzer, Auslandswissenschaftler, Sprachkundiger 1941)

Ауызша аударма ғылымы – ауызша аударма үдерісінің әртүрлі аспектілері мен нәтижелерін, сондай-ақ, теориялық және тәжірибелік зерттеулерді қамтитын кешенді ұғым. Қазіргі таңда, ауызша аударма теориясында ұсынылған модельдер қатаң теориялық және әдіснамалық бағдарламалар бойынша емес, өздерінің ортақ нысандары арқылы сақталады.

Нақты тәсіл қабылданғанда, ауызша аударманың қажеттілігі жайлы сұрақ болмайтын болады. Қабылданған [164-бет] тәсіл зерттеу жүйелерімен қатар ауызша аударма ғылымының қолданбалы зерттеу аясында ерекше мәселелердің шешу жолдарын ұсынуы қажет, мысалы, ауызша аударма сынындағы іс-әрекет құрылымына мәтіндік құрылымдарды тағайындау.

Кең ауқымды аударма теорияларымен қарым-қатынастың бұл мақсатта пайдалы болатындығы сөзсіз (Бөлім 2-ні қараңыз). Жалпы аударма теориясы тек қана ауызша аударма зерттеулерінің жарамды болып, ілеспе аударманы ерекше жағдай ретінде емес, толыққанды мүше ретінде қарастырылғанда ғана пайда болады. Ауызша аударма ілімінің ортақ теориялық және әдіснамалық аспектілерінің аударма ілімінің жалпы теориясы үшін маңыздылығын атап өту қажет.

4.Қорытынды cөз

Кейбір жалпы ескертулермен қорытындылауға рұқсат беріңіз.

  1. Ауызша аударма үдерісінің нақты операциялық аспектілері арнайы тәжірибелік зерттеуді қажет етеді. Осылайша, ауызша аударма теориялары аудармашылардың серіктестігімен ғана қалыптасуы мүмкін. Әрқашан өз жұмысында әртүрлі құбылыстарға тап болатын аудармашылар, дерексізденудің олар үшін жат болуына қарамастан, мұндай дерексізденудің пайдалы болу мүмкін екеніндігін естен шығармауға тиіс. Тұжырымдамасыз тәжірибе соқыр, тәжірибесі жоқ түсініктер бос.

  2. Зерттеудің пайдалылығы жайлы ойлардан тыс, ауызша аударма ғылымы тәжірибеге негізделмесе де, когнитивті мүддеге жатады.

  3. Тәжірибелер ауызша аударма іліміндегі маңызды шарт болғанына қарамастан, олар жақсы теорияға кепіл бере алмайды. Ауызша аударма ілімі тек тәжірибеге ғана емес, оған сәйкес келетін болжамдарға да негізделген болуы керек.

  4. Әрбір көп тілді менгерген адамның аудармашы болуы мүмкін емес. Ауызша аударма Ілімі болашақ аудармашыларға тестілеу критерийлерін белгілеп, оқыту барысында зияткерлік және писихологиялық эллементтерге үлкен көңіл бөлінуін қамтамасыз етуі қажет. Жазбаша және ауызша аударма мекемелерінің 2 бөлімге қайта құрылымдалуы, яғни тілдерге байланысты бөлінбей (165-бет), біреуі – ауызша аудармашыларды оқытып, екіншісі – жазбаша аудармашыларды оқытса, үлкен нәтижеге жететін еді.

  5. Аударма үдерісін толығымен зерттеу пәнаралық жұмысты қажет етеді. Аудармамен айналысатын ғалымдар, мұғалімдер мен өзге сала өкілдері оқыту мен зерттеуде етеңе жақын жұмыс атқаруы қажет.

Ескертпелер

1.Ғылымдағы түсіністік үшін Baumgartner 1988b: 180.
2.Гуманитарлық ғылымдар әдістеріне үшін. Baumgartner 1988a: 34.

Пайдаланылған әдебиеттер

Baumgartner, Hans Michael
1988a “Humanities und Sciences: Ein Beitrag der Philosophic zum Thema Philosophic und Wissenschaft”. Oelmüller 1988: 33–39.
1988b “Philosophie als cognitio principiorum: Zum Verhaltnis von Philosophie und Wissenschaften”. Oelmüller 1988: 171–184.
Chernov, Gely
1978Teoriya i praktika sinkhronnogo perevoda. Moscow: Mezhdunarodnye otnosheniya.
Dolmetscher, Übersetzer, Auslandswissenschaftler, Sprachkundiger
1941 (Kurzer Abriß der Ausbildungs- und Prüfungsmöglichkeiten im Reich.) Berlin: Akademisches Auskunftsamt.
Einstein, Albert
1936/1979 “Physik und Realität”. Aus meinen späten Jahren. Stuttgart: Europa Verlag 1979.
Esser, Ulrich
1990 “Gedächtnis – interdisziplinäre Schnittstelle zwischen Psychologie und Übersetzungswissenschaft”. Heidemarie Salevsky, ed. Übersetzungswissenschaft und Sprachmittlerausbildung: Akten der I. Internationalen Konferenz “Übersetzungswissenschaft und Sprachmittlerausbildung”, 17.-19. Mai 1988. Berlin: Humboldt-Universität zu Berlin 1990 83–87.
Gile, Daniel
1991 “Methodological Aspects of Interpretation (and Translation) Research”. Target 3:2. 153–174.
Guilford, Joy Paul
1959Personality. New York: McGraw-Hill.
Hofmeister, Heimo
1991Philosophisch denken. Göttingen: Vandenhoeck & Ruprecht. [UTB 1652.]
Holmes, James S.
1972 “The Name and Nature of Translation Studies”. Amsterdam: Translation Studies Section, Department of General Literary Studies, [rep. Holmes 1988: 67-80.]
1988Translated!: Papers on Literary Translation and Translation Studies. Amsterdam: Rodopi. [Approaches to Translation Studies, 7.]
Holton, Gerald
1978The Scientific Imagination: Case Studies. Cambridge-London-New York-Melbourne: Cambridge University Press.
1981Thematische Analyse der Wissenschaft: Die Physik Einsteins und seiner Zeit, tr. Horst Huber. Frankfurt am Main: Suhrkamp.
Kade, Otto
1963 “Aufgaben der Übersetzungswissenschaft: Zur Frage der Gesetzmäßigkeiten im ÜbersetzungsprozeB”. Fremdsprachen 7:2. 83–94.
1973 “Zum Verhältnis von ‘idealem Translator’ als wissenschaftlicher Hilfskonstruktion und optimalem Sprachmittler als Ausbildungsziel”. Neue Beiträge zu Grundfragen der Übersetzungswissenschaft (= Beihefte zur Zeitschrift Fremdsprachen V/VI). 179–190.
Lambert, José
1991 “Shifts, Oppositions and Goals in Translation Studies: Towards a Genealogy of Concepts”, van Leuven-Zwart and Naaijkens 1991: 25–37.
Luther, Martin
1530 “Sendbrief vom Dolmetschen”. Hans Joachim Störig, ed. Das Problem des Übersetzens. Stuttgart: Henry Goverts 1963 14–32.
Musil, Robert
1980The Man Without Qualities, I: A Sort of Introduction. The Like of It Now Happens (I), tr. Eithne Wilkins and Ernst Kaiser. New York: Coward-McCann, Inc.
Oelmüller, Willi
ed. 1988Philosophic und Wissenschaft. Paderborn-München-Wien-Zürich: Ferdinand Schoningh. [UTB 1513.]
Plato
no date. Works of Plato ed. B. Jowett New York
Pohling, Heide
1971 “Zur Geschichte der Übersetzung”. Beihefte zur Zeitschrift Fremdsprachen III/IV. 125–162.
Reallexikon für Antike und Christentum
1959Stuttgart: Anton Hiersemann.
Salevsky, Heidemarie
1987Probleme des Simultandolmetschens: Eine Studie zur Handlungsspezifik. Berlin: Akademie der Wissenschaften der DDR, Zentralinstitut für Sprachwissenschaft. [Linguistische Studien, 154.]
1990 “Interne Abläufe beim Dolmetschen und externe Dolmetschkritik – ein unlösbares Problem der Übersetzungswissenschaft?TEXTcon-TEXT 5:3/4. 143–165.
1992a “Dolmetschen – Objekt der Übersetzungs- oder Dolmetschwissenschaft?Heidemarie Salevsky, ed. Wissenschaftliche Grundlagen der Sprachmittlung. Frankfurt am Main-Berlin-Bern-New York-Paris-Wien: Peter Lang 1992 85–117.
1992b “Möglichkeiten und Grenzen eines Interaktionsmodells des Dolmetschens”. Paper Presented at the International Congress “Translation Studies – An Interdiscipline”. Vienna, September 9–12 1992.
Schleiermacher, Friedrich Daniel Ernst
1813 “Ueber die verschiedenen Methoden des Uebersezens” (Paper Presented at the Royal Academy of Sciences, Berlin, on 24 June 1813). Friedrich Schleiermacher’s Sämmtliche Werke, Dritte Abtheilung: Zur Philosophie, Zweiter Band. Berlin: G. Reimer 1838 207–245.
Shiryayev, Anatoli
1979Sinkhronny perevod. Moscow: Voyennoye izdatelstvo.
Stenzl, Catherine
1983Simultaneous Interpretation – Groundwork towards a Comprehensive Model. University of London. [M.A. Thesis]
Toury, Gideon
1991 “What are Descriptive Studies into Translation Likely to Yield apart from Isolated Descriptions?van Leuven-Zwart and Naaijkens 1991: 179–192.
van Leuven-Zwart, Kitty and Ton Naaijkens
eds. 1991Translation Studies: The State of the Art. Proceedings of the First James S Holmes Symposium on Translation Studies. Amsterdam – Atlanta: Rodopi.
Vermeer, Hans J.
1986voraussetzungen für eine translationstheorie – einige kapitel kultur- und sprachtheorie. Heidelberg.
Zimnyaya, Irina and Gely Chernov
1970 “K voprosu o roli veroyatnostnogo prognozirovaniya v protsesse sinkhronnogo perevoda”. Voprosy teorii i metodiki prepodavaniya perevoda. (Tezisy), I. Moscow: MGPIIYa “Maurice Thorez” 1970 111–114.
Zimnyaya, Irina
1977 “Die psychologische Analyse der Translation als Art der Redetätigkeit”. Vermittelte Kommunikation. Sprachmittlung. Translation. Leipzig: Enzyklopädie 1977 66–77. [Übersetzungswissenschaftliche Beiträge, 1.]