аудармаАударма дискурстарының қазіргі қолданыстағысы, жаңасы және болашақта пайда болатыны [Discourses on Translation: Recent, Less Recent and to Come]
мазмұны
Көптеген жаңадан қалыптасқан салалар секілді, аударма саласы кем дегенде екі мәселе салдарынан зардап шегуде: біріншісі, қолда барды қайта жасау, ал екіншісі, біріншісінен туындаған, кейде басқа ғалымдардың жазғандары осы салаға тиімді үлес қосарына күмән келтіріп, оған салғырт қарауы. Оның үстіне, аударма кітаптарында қандайда сала қарастырылмаса да, әр зерттеуші бұл мәселені үнемі бірінші болып қарастырып отырмын деп ақпарат береді. [230 б] Сондай-ақ, аударма саласының дамуына әрқашан кедергі келтіретін үшінші мәселе аударма тариxын елемеуі болып табылады. Бұл көңіл көншітпес жәйт 30 жыл бұрынғы ғылыми ортада қолданылған кітаптардың неліктен әлі күнге дейін қолданыста жүргендігін түсіндіреді.
Егер аударма саласы жүйеленген дискурс болып қалыптасқан болса, осы саладағы барлық зерттеушілер үшін тиімді болар еді. Ол дискурс барлығына ортақ болмаса да, осы саладағы аудармашы үшін маңызды болар еді. Менің ойымша, соңғы талдауда, осы дискурс тек қана мәдениетке негізделген (яғни, аударма саласындағы ерекшеліктер жоқтың қасы). Қолда бар ақпаратарға орала берудің орнына ғылыми мәтіндерді қайта қолға алып, осы саладағы білімді жетілдіруге үлес қосып, күтілетін нәтижеге қол жеткізуіміз керек. Жоғарыда аталған қағидаға негізделе отырып, аударманың үш түрлі дискурсын қарастыруым қажет.
I
Нойберт пен Шривтың Translation as a text атты еңбегінің тақырыбындағы « text (текст) » сөзі көркем әдеби мәтіндер ретінде қарастырылмауы керек. Осы тұрғыда, аударма саласындағы тіл біліміне негізделген басқа да жаңа еңбектерге қарағанда, бұл кітап нақты салаға бағытталады. Аталмыш кітап Берлин қабырғасы құлағаннан кейін Огайо штатының Кент қаласына көшкен Лейпциг мектебінің өзін « метамарфоздар » деп жариялағаннан кейін, көбірек қызығушылыққа ие болуда.
Нойберт пен Шрив « Кім тіл білімі ғылымынан қорқады?! » синдромына әлі күнге дейін белгілі бір дәрежеде ұшырауда. Таңғаларлығы, оларды тіл білімі саласындағы әріптестері жете бағаламағанымен, аударма тіл білімі саласын зерттеуші студенттер қолда бар нәтижені жаңартып, аударма саласын одан әрі жандандыруда. Аталмыш кітаптың алғы сөзі мынандай ерекше сілтеулермен басталады:
Аударма саласының ғалымдары нақты аударма тәжірибесіне назар аударуы қажет. Біз аударма саласын егжей-тегжейлі зерттеудің орнына, айқын тұжырымдарды зерттеп келеміз.(5 б.)
Өкінішке орай, тек қана мәтіндік тіл біліміне негізделген аударма тұжырымдамасын ұсынудамыз. [231 б.]
Нойберт пен Шрив тиімді тәжірибе түсінігінен алынған зерттеу нәтижелерінің жиынтығы аударма дидактикасы үшін таптырмас мазмұн екендігін айта келе », нұсқаулықта бекітілген ережелерден бас тартады (8 б.). Дегенмен, тіл білімінде « виртуальды аударма » деп аталатын жасырын, адам жүйке жүйесінде жасалынатын алғашқы аударма нұсқасы бар.
Ол: Аударма тілі мен түпнұсқа тілдері арасындағы әлеуетті қатынас жиынтығы. Ол дегеніміз, аударма тіліне толық аударылмаған және түпнұсқа тілінің арасындағы менталды кеңістікте орын алатын бөлшектер мен қатынасардың менталды үлгісі.(12 б.)
Аталмыш тұжырым кванттық механикада « Шредингер теңдеуі » ретінде белгілі. Яғни, ол кіші бөлшектердің қозғалысын басқаратын ықтималдық толқындардың түрін сипаттайды және осы толқындарға әсер ететін сыртқы факторларды анықтайды. Алайда, « Виртуальды аударма » түсінігі идеология сынды нысандар сыртқы әсерлер салдарынан түбегейлі өзгертуге болатыны мүлдем назардан тыс қалған сәттен бері, Нойберт пен Шривтың нұсқасы Шредингер теңдеуінің бірінші жартысымен ғана сәйкес келеді. Аталмыш жағдайда айқын емес және кездейсоқ сілтемелерді Шредингердің ұстанымына сәйкес емес аудармалардан көреміз. Отандық авторлар жоғарыда аталған авторлар нұсқаулығын ұстанбайды, сондықтан Шредингердің сутегі атомының қасиеттері жөніндегі дәлдігі бұл кітаптан тыс қалып отыр.
Аталмыш нұсқаудың кітаптың қалған бөлігіндегі едәуір күрделендірілген тіл білімі мәтіндерін құрудағы « ғылыми » талпыныстармен сәйкес келуін көру қиынға соғып отыр. Кітаптарды мұқият оқысаңыз, негізгі кітаптарды ұйымдастыру жүйесі шизофрениялық сипатта. Ол тек қана виртуалды аударманы тіл білімімен салыстырып қана қоймай, сондай-ақ тарихтың қалай орын алғандығын, қалай орын алу керектігін және шынайылыққа сай болуды үздік тіл білімі әлеміндегі барлық әлеуеттермен салыстырады.
Бір жағынан, Нойберт пен Шрив « жетпісінші жылдары тіл білімі қызметі мәтін қызмет атқарған » (44 б.) – қайта түсіндірілген кезде, бірқатар тіл мамандары мен аударма теоретиктері тарапынан шешуші қадам жасалғандығын мәлімдеді. Бұл қадам ешқашан да, ешкімнің тарапынан да әдеби тұрғыда қарастырылмаған. Дегенмен, осы дәйексөздегі « аударма теоретиктері » аударма саласымен айналысатын барлық ғалымдар үшін виртуалды » католицизмді тудыруға арналуы мүмкін. Аталмыш тәжірибе тек қана аудармалармен айналысатын тіл мамандарына қатысты, сондықтан авторлар бұл туралы толық сеніммен айта алады. [232 б.]
Мәтіннің өзара әрекеттесу құрылымы деген тұжырымдама аударманы тіл білімі және әлеуметтік ғылым ретінде анықтайды. Аударма оның « өнер » екендігін мәлімдей отырып, өзінің әлеуметтік сипатын жоққа шығара алмайды.(43 б.)
Осы жерде қолданылған « өнер » ұғымы тек құпия символикалық жазбаларын ғана қамтуы мүмкін деген дерекпен қоса, сонымен қатар, екі мың жылдық үздіксіз басылып шығарылған әдеби шығармаларға негізделе отырып, бұл аударманың әдебиетке қандай да бір қатысы бар екеніне болжалды мысал келтіруге болады және оны авторлар ұстана алмайды.
Кітаптің негізгі шизофрениялық сипаты Нойберт пен Шривтың өздері жасаған инновациялық, прогрессивті мәлімдемелерді қадағалау туралы айтқан сөздерімен айқындалады. « Лингвистикалық жүйе, прагматикалық шектеулер, дүниежүзілік білім, мағыналық жүйелердің бәрі аударма ісінде жинақталған » (45 б.),-деген мәлімдеме бұл мәселедегі бүгінде танылған « ақиқатқа » жақын. Егер « мағыналық жүйе » аударылған болса, ол қаншалықты мәтін түрін қамтыр еді?! Сонымен қатар, Нойберт пен Шрив ортақ мәдени және әлеуметтік қордағы іс-әрекеттің тарихына негізделгенін сипаттайтын « өзара әрекет » (54 б.) тұжырымдамасын дамытты және өздері үшін « мәдени бетбұрыс » жасауға талпынды. Әсіресе « өзара әрекет » тұжырымдамасын таныстырғанмен, бір мезгілде олар аудармашы екі дискрециялық қауымдастықтың арасындағы білім брокері (54 б.) ретінде әрекет етуі тиіс деп мәлімдейді. Нойберт пен Шривтың толығымен мақұлдайтын революциялық мәлімдемесі, « өзара білім » тұжырымдамасы өзінің толық логикалық нәтижесіне жеткен кезде орын алды және ол мынандай:
Аудармашы жеке сөздерді емес, мәтін түрінде берілген құрылымдарды аударады. Аудармашы бірінші тілден екінші тілге (L1 and L2) аударған кезде, өзара түсінік үшін мәтіннің негізіне көңіл аударуы керек. (58 б.)
Егер бұл екі жақтың бірін-бірі түсінуге мімкіндік берсе сауаттылықтан алшақтауға болады және бұл оң нәтижеге әкеледі. Бір таңқаларлығы, бірқатар авторлар кері шегіну арқылы дұрыс тіл біліміне, Филлмордан Грейсқа қайта оралады.
Осылайша, Нойберт пен Шрив жоғарыда аталған « мағыналық жүйені » құру үшін Филлмардың « кадрлық семантикасын » құтқаруға шақырады. Тіл білімі бойынша өз тұжырымдамаларына сүйене отырып, Филлмардың әртүрлі шектеулердің бар екенін, оның ішінде « когнитивті тұжырымдамадан коммуникативті өзара әрекеттесу » арқылы « сыни », және « сценарийлер, схемалар, жоспарлар мен скриптыға » арналған шағын нұсқаларын қамтиды. Шын мәнінде, олардың кітаптарының негізгі шизофрениясы, олардың семантиканың фреймдарын жоспарлар мен сценарийлер арқылы талқылауларына қарағанда анығырақ, [233 б.] ондағы мәлімдеме төмендегідей:
Аталмыш терминдер білім құрылымының классификациясын терең көрсетіп, мәтіннің түсінігін анық байқатады. Дегенмен, біз бұл мәселені, терең қозғамаймыз.(68 б.)
Кітап соңында тіл біліміне қайта шолу жасау орынсыз, себебі одан тек тіл білімінің қысқартылған түсінігін алуға болады. Аталмыш түсінік « Грейстың максимдеріне » негізделген және олар шындыққа жанаспайтын қиялдағы жағдайға ғана сәйкес келеді. Грейстің өзі айтқандай: « оған шынайы септігіңді тигізуің керек ». Мұндағы Нойберт пен Шривтың жауабы: « Бұл күрделі талап ». (77 б.)
Тіл білімі бұл жағдайды қиындатпай мәтінге аса назар аударып, нақты, қыска сөйлемдермен аударма жасайды. Көптеген мәтіндер бірегей жағдаяттарға сүйенеді. Бұл мәдени және тіл білімі шекараларын ашады. (87 б.) Егер сіз бөтен адаммен сәлемдессеңіз, мүмкін сіз оны кемсітпейсіз. Сол сияқты, бірінші тіл мен екінші тіл көбінесе біріңығай жағдаяттарға сүйеніп, бір ақпаратты беруі мүмкін. Сонымен қатар, кітап Еуропа жайлы қате түсініктергекөз ашады. Яғни, Еуропадан тыс орналасқан мемлекеттер үшінөте тиімді, себебі Еуропа мемлекеттері мен өзге мемлекеттер арасында ақпараттык құндылықтар мен жағдаяттар өзгеше болып келеді.
Нәтижесінде, Нойберт пен Шривтың « тіл білімі құрылымын » талқылағаннан гөрі, « келіспеушілік » түсінігін талқылағанды қалайды.
Тәжірибеде байланыс белгілері немесе байланыс жүйесі қолданысқа түсетіндігі анық емес. Аударма теоретиктері кәсіби аудармашылардың қолынан келмейтін, не уақытты көп алатын әдістерді ұсынбас бұрын жете талқылауы қажет.(100 б.)
Бірақ аударма теоректиктері тіл біліміндегі кедергілерді шешудің жолын таппаса, қолданысқа қажет оңай әдіс табуы екі талай. Жоғарыда аталған әдістер өз кезегінде, келешекте талқыланатын “анти теория” дауын тудыруы мүмкін.
Тіл білімінде кедергілер кейін де сақталатын болса, мәтінаралық қағидасына Нойберт пен Шрив секілді авторлар өз кітабында күмәнмен қарайды, сол секілді қазіргі теоретиктер де әдеби кітапті қажетсіз деп табатын болады. [234 б.]
Әдеби аудармада, аударма мәтінінің мәтінаралық тұрақтылығы оқырман үшін қормен ақталмайды. Бұл мәлімдеме автордың ұстанымындағы тағы бір қиыншылықты ашып көрсетеді.(119 б.)
Мұнда авторлардың нормалар мен нормативтерге деген шизофриниялық қарым-қатынастары көрсетілген. Авторлар үнемі әдеттегі мәлімдемелердің ескіргендігін түсінетін сияқты, бірақ эквивалентке қатысты екі жақты мәлімдемесінде дәлелдегендей, оны сағынышпен, ерекше лебізбен аңсағаны байқалады. Эквивалент терминін қолдануға мүдделі емеспіз. Аталмыш терминнен бас тартуға шақыру этимологиялық қатынастан тыс болуы керек (143 б.), сондықтан олар Снелл-Хоррнбидың эквивалентке қарсы дәлелін қабылдайды немесе жөн көреді.
Нормативтік және нормативтік емес афория жоғарыда айтылған « сыншы немесе арнайы оқырман » туралы келесі талқылау барысында да анықталады. « Арнайы оқырман » үшін аудару әрине заңды екені айқын, себебі әр аударма нақты аударма жағдайына жауап болып келеді. (119 б.) Дегенмен нормативтік келесі сөйлемде көрсетілгендей: « Біз барлық оқырмандардың сыншының талаптарымен сәйкес келетін талаптарының бар болуын болжай алмаймыз » (119 б.). Әлбетте, солай екені анық, алайда ол басқа да « ғылыми мәтіндер, құқықтық құжаттар, коммерциялық транзакция және техникалық нұсқаулық » (41 б.( сияқты « арнайы мәтіндердің » оқырмандары үшін сақталынып қалады. Әдеби мәтіндерді жекелешелеп көрсету айтарлықтай күмәнді болып көрінеді. Оны сәтсіз болған елуінші жылдарға қайта шегіну деп те атайды. Себебі, ол тіл білімінің аударма теориясына қосқан үлестеріне дақ түсіреді. Дәлірек айтқанда, тіл білімі жүйесінің, прагматикалық шектеулер, дүниетаным және мағыналық жүйелердің өзара әрекетесуіне кедергі болады. Сондықтан « аударма актісінде » (45 б.) заңды түрде Нойберт пен Шрив арқылы жарияланған.
II
Егер де « Translation as Text » еңбегіне қандай да бір жаңалық қосқысы келсе, аудармадағы дискурстардың бірі ретінде ол өз жаңалығын жоққа шығарады. Мысалы, Уиллис Барнстоунның Аударма поэзиясы деп аталатын еңбегін осы саладағы соңғы талпынысы деп айтар едім. Бұл кітап мүлде келіспейтін үлгіде жазылған, сонымен қатар ол аударма саласында қолданылатын ескертулерге [235 б.] толы деп ойланған, алайда бұл ескертулер ғылымға сай келмейтін « параболалармен » кең таралған. Бұндай « өзгертілген ескертулер » тіпті « Су, барлық жер су, немесе Нұхтың үсті бірінші болып су болды ма? » сынды көз тартарлық бөлім атаулары мен өзге де әзіл-сықақ жағдаяттарда көрініс табады.
Барнстоунның ғылымға қайшы көзқарасы тіл білімі тәсілі аударма саласында толық қанды түсініспеушілік туындағаннан пайда болды. Ол оны « нормативті сала » (46 б.) ретінде қабылдамай отырып, өзінің оксюморонды қалай құрғанын байқамай қалды. Барнстоун,сонымен қатар, бірқатар мәселерде қолда барды қайта қарастырумен танымал. Біз айтып өткендей, мысалы:
Литерализмде бар көптеген қиыншылықтар, әсіресе, сөздік қордың тапшылығынан пайда болады. Дәлірек айтсақ, аударма тіліндегі сөздердің түпнұсқа тілінде баламасы жоқ, себебі осы тілдердің мәдениеттеріндегі сөздердің пайда болу тарихы әртүрлі (40 б.).
Әрине, бұл дұрыс тұжырым шындыққа жанасып тұр, бірақ бұл қазіргі таңдағы аударма саласында жазылып жатқан еңбектерде аса көп көтерілетін мәселе емес, бірақ Барнстоун аталмыш еңбектерді елемейді. Оның библиографиясының ішінде ағылшын тілінен өзге тілге аударылған тек 11 кітабы бар, олардың көбісі соңғы онжылдықтарда жазылған.
Бұл аударматану саласының салыстырмалы түрде « заманауи » болудың белгісі болып табылады. Олар осы тұжырымға келгеннен кейін, баспагерлер оны қолдағысы келеді және қолдайды. Бұл « атау » осы саладағы оқиғаларға қаншалықты сәйкес келмегенімен, осы саланы дамыту үшін кейбір « тұлғаларды » шақырады. Заманауи жаргондарды қолдану үнемі сәтсіздікке ұшыраудың себебі болып отыр. Оның үстіне белгілі ақиқатты қайта қайталау арқылы өзіне қосымша міндеттер жүктейді.
Аударма тілдер АРАСЫНДА қолданылатын аударма айырмашылықтарға ие. Себебі әр тілдегі сөздер, грамматика кез-келген басқа тілден өзгеше болғандықтан, поэмаларды бір тілден екіншісіне аудару әртүрлі дыбыстарды және прозодитті қамтиды.(265 б.)
Тілдегі терең мағыналылардың көзден таса қалуы капиталдарды қодануына назар аударыңызшы. Дегенмен, ең маңыздысы заманауи термин « әртүрлілік » риторикалық миссиясын орындаудан тыс, мұнда қолданылуы орынсыз және дұрыс қолданылмағандықтан қолданыстан шығып отыр.
Дәл осы стратегия барлық кітапта қолданылады. Тағы бір мысал жеткілікті: « Этникалық екі қайтара аудару нәтижесі ретінде оның аты, Ивриттік түпнұсқасымен сәйкес келмей отыр ». (78 б.)
Шындығына келсек, бұл кітаптағы дәйексөздер ең өкініштісі болып отыр. Барнстоун кітаптың екінші бөлігін Библяның аудармасына арнайды және тек қана аудармамен емес, сонымен қатар « еврейлерді өз жерінен Мессионерлік оқиғалардан қудалаудан Библияның қаншалықты өзгеріске ұшырағанын көрсетеді » (66 б.). Ол, әрине, дұрыс, бірақ бұл мәдениеттің өзара әрекеттестігі мен өзара әрекеттесуінің кез-келген көзқарасы тұрғысынан не себепті орын алғанын тұжырымдай алмайды. Нәтижесінде басқа да зерттеулерде көрініс тапқандықтан, ол Библяның аудармасына қайта оралуға мәжбүр болды. Егерде ол « аудармадан бас тарту немесе ауызша аударма ретінде аудару », шеберлікті, ұлттық өмірді және жеке басын тану үшін ең көп таралған саяси әрекет » (145 б.) деген тұжырымды ары қарай дамытатын болса, ол көптеген басқа жұмыстарда орын алған ыңғайлы және жақсы жазылған жинақтары бар құнды гипотезаны шығара алар еді.Тарихтандырудың сәтсіздігі, Барнстоунның тарихты қайта жаңғыртуға жол бермеуіне әкеліп соқты және әрдайым дұрыс деп айта алмаймыз: Мысалы, Спиноза Барнстоун қате айтқандай, Иерусалим емес, Амстердам қауымынан алыстатылғандай. (159 б.)
« Себебі Орыс формалистерін есепке алмағанда, мәтін мазмұны формасына қарағанда маңыздырақ » (126 б.) – дегендей, семинар презентацияларында мәтін мазмұны кейде автордың мақсатсыз түрде елемей кетуі мәнерінде мәтінде ашылып көрсетіледі. Аталмыш елемеушілік Барнстоунның тіл білімі тарихының қысқартылған нұсқасында айқынырақ көрсетілген:
Аристотельдің semainomenon және semainon терминдерін қолдана отырып, Августин өзінің significatio және sonus терминдерін жетілдірді. Мұнда sonus термині significatio терминінің белгісі ретінде көрсетілген және мұның барлығы тікелей Фердинанда де Соссюрдің signifie and signifiant терминдеріне ұласты.(221 б.)
Аударма саласының тарихы әлдеқайда жақсырақ, әйтсе де автор « Guillaume » деген атпен қате сілтеме жасап, Dolet және Du Bellay автордың француз салт дәстүрінен хабардар емес екенін көрсетеді. Барнстоун аударма тарихын жандандыруда заманауи көзқарасқа сүйенеді: мысалы, Джордж Штайнер бұрын бір ғана параграф алса, Уолтер Беньямин қазіргі заманға сай он тоғыз бетті қамтиды.
Түсініспеушілктің алдын алу мақсатында тағы бір риторикаға жүгінеміз. Бір уақытта жабу және анықтау атты байырғы романтикалық-символикалык тәсіл жиі қолданылды, бірақ әрқашан оң нәтиже бермеді және бұл, әрине, сөзсіз қашықтықтан ғылымға ұмтылуға қайшы келді. Мысалы, « оқу » дегеніміз « тылсым ұйым » (13 б.) болса, 2екі тілдік сөздік » бейтаныс адам үшін шөл даладағы сумен тең. (115 б.)
Алғашқы аударманың « ауызекі тіл »атты гүлінің құнарлы дәндерінен жаңа әлі де тұрақты емес тіл өсіп шығады. (271.б) Ол « Тәжірибе » [237 б.] атты бөлігінде көрініс тапқалы бері, ол даусыз ең үздік үлгі болып табылады.
Қорыта келе, Барнстоунның кітабы аудармадағы ортақ дискурсты жасауда біртабан жақын болуға еш септігін тигізбейді. « Олардың тіл біліміне қатысы жоқ мамандарға тыйым салатын еңбектері, тіл біліміндегі құндылыққы ие тәсілдердің маңыздылығына нұқсан келтіреді » (224 б.) – деген өз тұрғысынан айтқан сөзі керісінше өзіне, және пәннің ары қарай дамуына зиянын келтіреді. Егер де тіл білімі мамандары Барнстоунның тұжырымына қарсы келсе, Барнстоун да қарап қалмас. Бұған қарамастан, оның тапқырлығы күмәнсіз. Ол тек қана өз тәжірибесіне негізделген қалжыңдарымен қызықтыра және ғылыми сипаттамаларды поэтикалық қиыншылықтармен қоса отырып, отыз жыл бұрын болған аударма туралы жазу үлгісін сақтап отыр. (50 б.)
III
Егер Барнстоунның кітабын бұрынғы тəсілдің үлгісі деп атайтын болсақ, Дуглас Робинзонның Аудармаға бет бұру еңбегі жігерлі примитивизм деп дəріптелген болар еді. Барлық дəлелдерді бірге ұстап тұру үшін жасалынған манчевистік дуализм үшін автор « жақсылық » жəне « жамандық » ұғымдары туралы жазды. « Жамандық » ұғымы аударма теоретиктері арқылы таныстырылды. Олар аударманы бұрмалап, білікті аудармашыларды мойындамай, керісінше олардың рухын түсірді. « Жақсылық » ұғымы ойлау, сезіну жəне теория мен тəжірибені үйлестіре білген аудармашылар арқылы түсіндірілді.
Робинзон оның түңілу себептерін елемей, маңыздылық пен күш қуат туралы асыра сілтеп, аударма мəселелерімен жəне нақты мəтіндерді аударудағы қажетсіздіктермен дəйекті түрде айналысқан теоретиктерді сынға алды. Кітап ішіндегі əзілдердің бірі аударма мəселелеріне топтастарылған, дегенмен Робинзонның аудармалық мақсаты басқаша екендігі айдан анық. Ол қарсыластары секілді осы жердегі бар аудармаларды қарастырмаған. Бұл оған белгілі болмаса да, бірнеше ғасырлар бұрын жасалынған аударма түрлерін дайындауын одан талап етеді.
Көбінесе эмпирикалық дəлелдердің жетіспеушілігі « жаңа » тұжырымдарды ойлап табу арқылы өз орнын толтырады. Бұл іс жүзінде ескі есімдердің атын өзгертуге қарағанда аз. [238 б.] Робинзон үшін негізгі термин « идиосомтикалық », ол үшін аталмыш термин « ішкі түйсік » дегенді білдіретін сияқты көрінеді. Аудармашылар оған сенім артуды ұйғарды және теоретиктер оларға не істеу керектігін айтуға құқылы емес делінді. Оларға әлі де тым қатты сенім артуға рұқсат етілмейді,себебі әлеуметтік идеология интуициялық сезімге кепілдік бергендіктен олар өздері ойлағандай оңай емес.
Бұл кітабының тағы бір ерекшелігі –жаңалық деп есептеген Робинсонның үйреншікті әрекетті жасау қабілеті. Жақында аударма жайлы жазғандардың ішінен ол, аяусыз қолда барды қайта-қайта қарастырған жалғыз адам болуы мүмкін. Мысалы, бізді теоретиктер деп қабылдамауы керек дейді, өйткені біз дәләлденген деп есептегендердің көпшілігі шын мәнінде жай беріле бермейді, керісінше, « идеологиялық тұрғыда жасалып, дәлелденеді ». Структурализм мен постструктурализм басым болған зияткерлік ортада бұл Робинсонның көздеген ‘көрегендігі’ деп санау қиынға түседі.
Кітаптың таңғаларлық ерекшелігі авторы өзінің жұмыс істейтін саласын түбегейлі елемеуі, елемейтіндігі соншалық, оған тіпті үстіртін қарайды. Осылайша,бұл ретте, ол соңғы жиырма жыл бойы жүріп жатқан өзі мүлде елемейтін аударма тарихын алға қоюдың маңыздылығын дәлелдейді. Бұл « дуализм, инструментализм және перфекционизм » (91 б.) секілді аударма жайлы басты Батыстың түсініктердің үш ерекшеліктерінің төмендегі сипаттамасы сияқты қарапайым абсурдтық мәлімдемелерді шығаруға әкеледі. Мұндай шешуші жеңілдік тек қана аударма жайлы французша ойлау қабілетінің мүлде болмауыннан жасалуы мүмкін.
Сол сияқты, Августин, Робинсонның ең басты дұшпаны ретінде сенімге кіріп, аудармашыдан « мағынасына сай » аударуды сұрайды. Осы өтініштің авторы ол әрине, Горации болып есептеледі. Гораций аудармашыны грамматикасына байланысты емес, мазмұнына көңіл бөліп аударғанын, яғни, аудармашы өзінің ішкі түйсігіне сенгенін қалады. Августин одан әрі бәсең аударма жетілдірілмеген болуы тиіс деген тұжырымды ойлап тапты. Дегенімен, Перро́ д’Абланку́рдан бастап Франсуа́ Шатобриа́нға дейін, француз аудармашылары өздері жазған belles infideles кітабы кемелсіз, бірақ аударма түпнұсқасынан әдлеқайда жақсы деп сенді. Бұл олардың ішкі түйсігіне сүйенгенінен емес, олар өздерінің мәдениетін басқалардан әлдеқайда артық деп есептегенінен болды. Оның ішінде басқа өркениеттерден асып түскен Грек және Рим жүйелерін құрайтын және өздерінің өлшемдеріне ешбір кедергісіз бейімделуі мүмкін.
Робинсон ер адамдардың көпшілігі аудармашы-теоретик болса, [239 б.] әйел адамдардың көпшілігі аудармашылар болып табылады деп отқа май құйды. Бұл мәлімдеме жақында алфавиттік тәртіппен жасалынған жұмысты толығынан елемеу негізінде жасалуы мүмкін. Робинсонның кітапнама тізімінде Сьюзэн Бэснетт, Барбара Фолкарт, Барбара Гочард, Метт Хорд, Джуста Холц-Манттари, Шери Саймон, Мэри-Снелл Хорнби және Мария Тимоццко мүлдем жоқ.
Сонымен қатар, Робинсон Гёте мен Лютерді аударма туралы ойлау тарихында екі негізгі тұлғалар ретінде санайды, себебі олар аударманы өздерінің оқырмандарын түрлендіру немесе сақтау үшін құрал ретінде қарастырды. Олар дәл осылай істеді, бірақ аударманы өз тілін және әдебиетін байыту құралы ретінде пайдаланған немесе тіпті өздерінің мамандығын жазушылар ретінде байқап көрген Цицероннан сияқты жүздеген аудармашылар туралы не деуге болады?
Бұл тізімді ұзақ жалғастыруға болады. « Жаңартылған Мэтью Арнольд » болган Августин өзінің соңғы келбетінде зұлым болып көрінеді, дегенмен ол өте орынды айтылған пайымдауымен аударма теориясының атасы болып саналады. Робинсон болса көп ғалымдарды жек көреді. Ол тіпті өзінің манихейсттік дуализміне қайшы келетин кез-келген тарихи дереккөздерге көз жұма қарайды. Мысалы, онын ішінде Энн Дэсиердің аударма саласындағы еңбектері, тіпті Фридрих Шлейермахердың осы саладағы әйгілі эссесі бар.
Робинсонның кітаптарында аударма саласы жайлы еңбектер жазған әйелдер ғана жоқ емес. Ол аударма саласына зерттеу жүргізуде аудармашы мен оқырмандардың (135 б.) не істейтініне көңіл аударуға шақырады. Бұндай талапты Джири Леви 1967Levý, Jiří 1967 “Translation as a Decision Process”. To Honor Roman Jakobson, II. The Hague: Mouton 1967 1171–1182. жылы атап өткен болатын. Ол тіпті Лейпциг мектебінің өткен 20 жылда дәл осы талапқа сай жұмыс атқарғанын байқамаған болатын. Жалпы бұл мектеп Ньюберт пен Шрев айтуы мүмкін « аударманың үстіртін концептуализациясын » (5 б.) жүргізеді деп орынды айыпталуда. Робинсон бұл мектепке назар салған жоқ, себебі олардын зерттейтін жұмыстары Робинсон үшін қызықты емес, ол аталмыш еңбектерді әдебиетке теңейді.
Робинсон оқырмандарына шын мәнісінде аударма жалпы « жақсы » немесе « жаман » болып бөлінбейді деп айтады. Алайда ол бұл тұжырым 50 жылға таяу уақыт бұрын Гидеон Туримен айтылғаны жайлы тіл қатқан жоқ. Тури көптеген аудармашылардың еңбектерінде 1980Toury, Gideon 1980 In Search of a Theory of Translation. Tel Aviv: The Porter Institute for Poetics and Semiotics, Tel Aviv University. жылдардан бастап ескеріле бастады, дегенмен Робинсон ол жайлы жазбаған болатын. Осы және басқа да кемшіліктер орынсыз болып табылады: егер Робинсон бұл жетістіктер мен жағдаяттар жайлы біле отыра, оларды емскермесе, онда ол адалдық емес. Ал егер білмесе, онда оның аударма саласындағы білім деңгейі күмән тудырады.
Робинсонның еңбегіндегі тағы бір келеңсіз жайт – ол ой-пікірді сын астына алу үшін анекдотты пайдаланады. Мысалға ол кітабында [240 б.] « анасы оны баптист қылып өсіргенін », (79 б.) – деп жазады, сонымен қатар « ол әйелімен өз Грэхэм Нортонын Финляндияда кездестіргені » (160 б.) жағында хабардар етеді. Қырсық шалғанда, Робисонның елемеген әйел аудармашылардың бірі Барбара Фолкарт, өзінің « Le conflit des enonciations » (1991Folkart, Barbara 1991 Le conflit des énonciations: Traduction et discours rapporté. Candiac (Québec): Éditions Balzac) атты еңбегінде толық аудармалар анекдоттарсыз кездесе алатыны жайлы зерттеуді дәлелдеді. Барбара да өз еңбегінде дәл сол Робинсонның пікірлерінің бірсыпырасын әлдеқайда төмен манихейлік мәнерде және де анасы немесе саяхаты жайлы ешқандай ақпаратсызқарастырды.
IV
Ендеше, Робинсон тарихнаманың теріс мысалы болып табылады. Дегенмен, ескілеу әдебиет пен мәдени тарихтың немесе Мишель Фукоулдың билік / білім мәселенамасы қамқорлығында болған тарихнама, бертінгі аударма зерттеулерінің дамуына айтарлықтай оң әсерін тигізді. Ол жай ғана, аудармашылар мен аударматану ғалымдарына қазіргі кез, оның ішінде олардың өз бағдарын қоса алғанда, әртүрлі заманауи және қазіргі заманғы тіл біліміндегі жазбалардың түп-тамырлары ұсынғандай өзгермейтін абсолюттік емес екенін көрсетеді. Тек қана еңбектердің синхрондық сипатына байланысты, бірақ көбінесе қазіргі күтпеген еңбектер бұрынғы дамулардың нәтижесі болып табылады.Олар қазір шындыққа сай болғанымен, сол кездері шындыққа жанаспаған. Маңыздысы, әрине егер түсініктр бір рет басқаша болған болса, онда олар қайтадан әртүрлі болуы мүмкін және, одан да маңыздырағы, ол бұл заттар өзгеріп, содан соң адамдардың оны өзгермейтін – деп санауы болып табылады. Сондықтан қазіргі уақыт, тығырыққа тірелген өзгеріссіз құрылым болып табылмайды, ал эволюцииялық жүйенің ең соңғы кезеңі әрдайым адамдар арқылы құрылған және солай құрылуын жалғастырады.
Жоғарыда қарастыған түсінік аударманы оның аудармашыларға арналған оқу орны ретіндегі жалғыз қызметінен босатты. Сондықтан, аударма зерттеулеріндегі ең іргелі жаңа зерттеулер 70-ші және 80-ші жылдардың басында Итамар Зохар мен Гидьон Турийдің насихаттауымен болған полижүйе тұжырымдамасына әсер ететіні таңқаларлық жайт емес.
Егер аударма зерттеулері тек қана аудармашыларды дайындауға міндеттелмесе, онда ол аудараманың мәдениеттің дамуындағы айтарлықтай маңызына назар аударар еді. Егер бұл іске асатын болса, онда шетел реалийлерініңбейнесімен қамтамасыз етілген түпнұсқалық фазасын құруда белсенді күш жұмсаған екі аудармашының да қайта бағалануына ықпал етеді. (Әйтсе де, аудармашылар құнтты емес, бұл Альберт пен Шревтің « әдеби, діни және жалпы мәдениет » жөніндегі мәтіндерін білдіретін эвфемизмі). [241 б.] Және бұл кеше не бүгінгі күнде қолданыстағы олардың, мәдениет саясатына және әлеуметтік манипуляцияның барлық түрлеріне әсер етіп, нышандық құрылымды талдаумен белсенді айналысатын шетелдік аударма ғалымдарымен жасасқан « келіссөздер » үрдісінің нәтижесі болып табылады.
Түсініктерді болашақ әлеуетіне сай қарастырсақ: әдетте « аударма теориясы » деген атпен белгілі, аудармашыларды оқыту мақсатында шығарылған аударма мәтіндері аударма педагогикасы болып табылады. Ол « аударма зерттеулерінде » кең көлемде орын алуы керек. Кезінде бір тұтастықты сақтаса, қазір аяусыз шайқастардың оыр алуына себеп болған бөлігіне айналды. Бұл әртүрлі « лагерлер » арасындағы алмасуларда үстемдікке ие « қастық мен тітіркенгіштік » түсіндірілуінің ұзақ жолын көрсетеді. Аударма ісі, өз кезегінде, мәдени зерттеулердің маңызды құрамдас бөлігі ретінде өзінің лайықты орнын таба алады. Себебі ол мәдениеттің құрылуын неғұылым күрделі деңгейде, әрі тарихи оқиғалардың нақты деңгейінде талдау жасайды. Бұл ауысым Эдвин Генцлердің Қазіргі заманғы аударма теориясы кітабында (1993Gentzler, Edwin 1993 Contemporary Translation Theories. London and New York: Routledge.) қарастырылады.